Астанада Тұран және Қабанбай батыр даңғылдары ішінара жабылады

Написать нам
08 қараша, 2018, 15:45 3312 Астана
Астанада Тұран және Қабанбай батыр даңғылдары ішінара жабылады

Жол қозғалысы қауіпсіздігін ұйымдастыру және қамтамасыз ету кезінде басымдық қоғамдық көліктерге беріледі. 

"Астана" -  "Яблонец" арасында өтетін кездесуге байланысты 8 қарашада, яғни бүгін сағат 20:00 мен 22:00 аралығында Тұран және Қабанбай батыр даңғылдарының Керей - Жәнібек хандар көшесінен Ұлы дала даңғылына дейінгі аралығы ішінара жабық болады, деп хабарлайды BNews.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жол қозғалысы қауіпсіздігін ұйымдастыру және қамтамасыз ету кезінде басымдық қоғамдық көліктерге беріледі.  Полиция департаменті көлік жүргізушілеріне абай болып мүмкіндігінше қоғамдық көлікпен қатынауға кеңес береді. Ал халықаралық әуежайға және қала маңындағы ауылдарға баратын көлік иелеріне жол бағытын алдын ала жоспарлауға кеңес береді.

Сонымен қатар, көрермендер үшін арнайы "Shuttle-bus" автобустары ұйымдастырылады. Арнайы автобустардың жүру құны қалалық қоғамдық көліктердегі жолақысымен бірдей. Автобустар матч аяқталғаннан кейін де кері бағытта қатынайды.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар