Астанада «Учаске» жедел алдын алу іс-шарасы жалғасып жатыр - Жаңалықтар | BNews

Астанада «Учаске» жедел алдын алу іс-шарасы жалғасып жатыр

14 қараша, 2017, 18:45 2160 Астана
Астанада «Учаске» жедел алдын алу іс-шарасы жалғасып жатыр

10 қыркүйектен бастап республика бойынша «Учаске» жедел алдын алу іс-шарасы өткізіліп жатыр, деп хабарлайды BNews.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шараға ҚР ІІМ Ұлттық ұлан әскери қызметкерлері мен елордалық Ішкі істер департаменті бөлімшелерінің жеке құрамы тартылды.

1 желтоқсанға дейін учаскелік инспекторлар пәтерлер мен тұрғын үйлерді аралап, тұрғындар жайлы мәлімет, сондай-ақ өзінің және ІІО кезекші бөлімдерінің байланыс телефон номерлері жызылған визиткаларын таратуда.

Жедел алдын алу іс-шарасы басталғалы учаскелік инспекторлар 238395 пәтер мен жеке тұрғын үйді аралаған.

Астана қаласы ІІБ-ның ақпараты бойынша, учаскелік инспекторлар қадағалауында 3667 адам тұр, 5 мыңнан астам тұрғылықты жері жоқ тұлға анықталған, 499 шетел азаматы түрлі заң бұзушылыққа байланысты елден шығарылып немесе елде болу мерзімі қысқартылған. Сондай-ақ 12640 адамның азаматтық қаруы тексерілді.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар