Астанада ҮЕҰ-лармен ынтымақтастық жөніндегі консультативтік кеңестің отырысы өтті

08 желтоқсан, 2018, 12:26 3133 Астана
Астанада ҮЕҰ-лармен ынтымақтастық жөніндегі консультативтік кеңестің отырысы өтті

Бүгінгі таңда қалалық үкіметтік емес ұйымдар барлық салада белсенді. 

Астана қаласы әкімдігінде үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық және өзара іс-қимыл жөніндегі консультативтік кеңестің отырысы өтті, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.

Бүгінгі таңда қалалық үкіметтік емес ұйымдар барлық салада белсенді. ҮЕҰ мен мемлекеттік органдардың бірлескен жұмысының негізгі бағыты қоғамның әлеуметтік маңызды мәселелерін шешу болып қала береді. 

"Үкіметтік емес ұйымдар мен мемлекеттік органдар арасындағы ынтымақтастықтың негізгі бағыты мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыру болып табылады. Жобалардың тізбесі мемлекеттік бағдарламалардың негізгі бағыттарын, халықаралық тәжірибені, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдардың тікелей қабылдаған ұсыныстары ескеріле отырып қалыптастырылады", - деді Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев.

Ермек Аманшаев сондай-ақ, әлеуметтік маңызы бар жобалардың саны мен мемлекеттік әлеуметтік қаржыландыру көлемі жыл сайын артып келе жатқанын атап өтті.

Биыл Астана әкімдігі 43 жобаны жүзеге асырды.

"Ережеге сәйкес, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс қалыптастыру стратегиялық құжаттар, ҮЕҰ және мемлекеттік органдардың ұсыныстары негізінде ғана емес, сонымен қатар халықтың қажеттіліктері мен мұқтаждықтарын ескере отырып жүзеге асырылатын болады. Бұдан басқа, мемлекеттік органдар ҮЕҰ және белсенді азаматтардың талқылауы мақсатында жоспарланған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстардың тақырыптарын Интернет-ресурстарға орналастыруға міндетті. Сондай-ақ, әлеуметтік жобалар мен бағдарламаларды тиімді іске асыру үшін мемлекеттік органдар мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыруға мониторинг жүргізеді", - деді қоғамдық даму істері басқармасының басшысы Данияр Есин.

Кездесу барысында Ермек Аманшаев ерекше назар аударатын мәселелерді атап өтті. Бұл: жалдамалы еңбек саласындағы жұмысшылардың құқықтарын сақтау, міндетті медициналық сақтандыру бойынша халық арасында ақпараттық насихат жұмыс жүргізу, ҮЕҰ-ның қаладағы білім беру мекемелерімен бірлесіп әрекет ету жүйесін жетілдіру.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар