Астанада "Үздік әлеуметтік жарнама" байқауының іріктеу кезеңі өтіп жатыр - Жаңалықтар | BNews

Астанада "Үздік әлеуметтік жарнама" байқауының іріктеу кезеңі өтіп жатыр

12 маусым, 15:29 1564 Астана
Астанада

Байқауда Астананың 20 жылдығы, "Рухани жаңғыру" бағдарламасы және мемлекеттік тіл тақырыптары насихатталады.

Астана қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы 2018 жылғы 11-18 маусым аралығында елордадағы жарнама компаниялары мен агенттіктері, креативті дизайнерлер арасында "Үздік әлеуметтік жарнама" байқауын ұйымдастырады, деп хабарлайды BNews.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Байқаудың мақсаты – Астанадағы жарнамалар мен көрнекі ақпаратты Қазақстан Республикасының "Тіл туралы" Заңы талаптарына сәйкестендіру; қазақ тілінің көркемдігі мен байлығын насихаттау; мемлекеттік тілде сауатты дайындалған жарнама мәтіндерін баршаға үлгі етіп көрсету; дизайнерлердің шығармашылық қабілетін арттыру; жарнама дайындаушының мемлекеттік тілді терең меңгеруіне ықпал ету.

Байқауда Астананың 20 жылдығы, "Рухани жаңғыру" бағдарламасы және мемлекеттік тіл тақырыптары насихатталады. Байқау екі кезеңнен тұрады. Бірінші іріктеу кезеңінде (2018 жылғы 18 маусымға дейін) жұмыстар қабылданады, екінші кезеңінде (2018 жылғы 21 маусым) қазылар алқасы барлық жұмыстарға сараптама жасап, жүлдегерлерді марапаттайды. Байқауға қатысушылар – "Үздік эскиздік жоба" (баннер, билборд және т.б.), "Үздік жарнамалық бейнеролик" (LED экран) және "Үздік жарнама ұраны" атты 3 аталым бойынша бақ сынайды.

Іс-шара жеңімпаздарын марапаттау кеші 21 маусым күні сағат 15.00-де Астана қаласы, "Mega Silkway" ОСО-да өтеді.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары