Елордада үздік жас сәнгерлер марапатталды

22 қараша, 2018, 17:03 3082 Астана
Елордада үздік жас сәнгерлер марапатталды

Жеңімпаз Миландағы Istituto Europeo di Design жазғы мектебінде үш апталық оқыту курсынан өтетін болды. Сrystal AG компаниясы барлық шығынды өз мойнына алады.

EXPO Astana Конгресс-орталығында жас дизайнерлер арасындағы Fashion for Future халықаралық байқауының финалы өтіп, үздік жас сәнгерлер марапатталды, деп хабарлайды BNews.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

Байқау үш кезең бойынша өткізілді: іріктеу кезеңі, жартылай финал және финал. Алғашқы кезеңде бірнеше елден 600-ге жуық өтінім түсіп, олардың 14-і финалға өтті. 

Fashion for Future – дизайн және сән саласындағы жас дарындарға арналған тамаша мүмкіндік. Бұл байқау арқылы қатысушылар өз таланттарын бар әлемге паш ете алды. 

Байқау қорытындыларына сәйкес, бас жүлде Азамат Ғазизовқа бұйырды. Жеңімпаз Миландағы Istituto Europeo di Design жазғы мектебінде үш апталық оқыту курсынан өтетін болды. Сrystal AG компаниясы барлық шығынды өз мойнына алады. Сондай-ақ, Азаматқа сыйлықты KFW ASTANA-ның Еуропадағы бренд-амбассадоры Қорлан Мади табыстады. 

Шараны Kazakhstan Fashion Week IED Еуропалық дизайн институтымен бірлесіп ұйымдастырды. 

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар