Астанада Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясы басталды

08 қараша, 2018, 17:55 3657 Астана
Астанада Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясы басталды

ҰҚШҰ құрамына Қазақстан, Ресей, Армения, Беларусь, Қырғызстан және Тәжікстан кіреді.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы кеңесінің cессиясы басталды, деп хабарлайды BNews.kz Baq.kz-ке сілтеме жасап.

Жиынға Ресей президенті Владимир Путин, Армения премьер-министрі Никол Пашинян, Беларусь президенті Александр Лукашенко, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон, Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков қатысуда.

Сессияда халықаралық және өңірлік бірқатар мәселе қаралады деп жоспарланып отыр.

Биыл ұйымға Қазақстан төрағалық еткен. Ендігі кезек қырғыз еліне өтеді.

Осыған дейін ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз жетекшісі Айбек Смадияров БАҚ өкілдеріне саммит барысында Қазақстанның аталған ұйымға төрағалық еткен кезде атқарған жұмыстардың қорытындысы шығарылатынын хабарлаған. Ол кеңестің отырысына Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысатынын нақтылаған.

ҰҚШҰ құрамына Қазақстан, Ресей, Армения, Беларусь, Қырғызстан және Тәжікстан кіреді.

Айта кетейік, ертең, 9-қарашада Петропавлда Қазақстан мен Ресей аймақаралық ынтымақтастығының XV форумы өтеді. Іс-шараға Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей Президенті Владимир Путин қатысады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар