Астанада вирусты менингит күдігімен сегіз оқушы ауруханаға жатқызылды

18 қазан, 2018, 15:45 3490 Астана
Астанада вирусты менингит күдігімен сегіз оқушы ауруханаға жатқызылды

Олардың ішінде жеті оқушының жағдайы қанағаттанарлық, ал біреуінің жағдайы орта ауырлық дәрежеде.

Қазан айының басынан бері "Вирусты менингит" диагнозымен сегіз оқушы Астанадағы жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды. Бұл туралы ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінде мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz.

Ведомствоның мәліметінше, науқастардың барлығы - қаланың әртүрлі мектебінің оқушылары. Олар ауруханаға 5-16 қазан аралығында түскен.

Оқушылар ауруханаға мынадай симптомдармен түскен: дене температурасының 40 градусқа дейін көтерілуі, бұлшықеттерде және тамақта ауру сезімі, жөтел, мұрыннан су ағу және бітелу, іш өту, жүрек айну және құсу, жарыққа қарай алмау.

"Астана қаласының қалалық балалар жұқпалы аурулар ауруханасында "Вирусты менингит" диагнозымен сегіз оқушы ем қабылдап жатыр, оның ішінде 4 жағдай расталған. Олардың ішінде жеті оқушының жағдайы қанағаттанарлық, ал біреуінің жағдайы орта ауырлық дәрежеде", - деп хабарлады департаментте. 

Медицина қызметкерлері науқастардың барлығы симптоматикалық және вирусқа қарсы ем қабылдап жатқанын айтып, үрейленудің еш қажеті жоқ екенін ескертті.

Айта кетейік, 2018 жылғы тоғыз айдың есебі бойынша Астана қаласында вирусты менингиттің 196 жағдайы тіркелді (85 оқушы), барлығында нәтиже - қолайлы. 

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар