Астанада ядролық қарусыздандыру бойынша халықаралық конференция өтті

20 Сентября, 2018, 18:19 3468
Астанада ядролық қарусыздандыру бойынша халықаралық конференция өтті |  | BNews.kz

Мұнда ядролық қаруға толыққанды тыйым салудың және оны жоюдың басты негізідері талқыланды.

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институты (ӘЭСИ) Гои бейбітшілік қорымен бірлесіп, "Ядролық қарусыздандыруда қазақстандық-жапониялық ынтымақтастық: Бір тағдыр, Ортақ мақсаттар" халықаралық конференциясын өткізді, деп хабарлайды BNews.kz Baq.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Конференция ядролық қарусыздандыру және оны әлемде таратпау процессінің дағдарысы, ядролық қарусыздандырудың жаһандық күн тәртібін қалыптастыруда Қазақстан мен Жапонияның рөлі, ядролық қаруға толыққанды тыйым салудың және оны жоюдың басты негізі ретінде гуманитарлық салдар мәселелеріне арналған.

Іс-шарада ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев, Гои Бейбітшілік қорының және "Бейбітшілік туралы ғибадат" қоғамының президенті Хироо Сайонджи және Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының атқарушы директоры Қанат Жұмабаев баяндама жасады.

"Қазақстан және Жапонияны ядролық қару зиянынан қасірет шеккен елдердің бір қайғылы тағдыры қосуда. Сондықтан біздің елдер мен халықтарымыз әлем алдында бар дауыспен жақын арадағы ядролық қарусыздандыру және жаппай жою қаруының кез-келген формаларын құрудан және сынаудан бас тарту талабын қоюға құқылы" - дейді Қанат Жұмабаев өз баяндамасында.

Конференцияға спикерлер ретінде Қазақстанның қоғамдық-саяси қайраткері, дипломат, "Невада-Семей" халықаралық қозғалысының көшбасшысы Олжас Сүлейменов, ҚР Парламенті Мәжілісінің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитетінің мүшесі Абай Тасболатов, "АТОМ" жобасының құрметті елшісі Кәріпбек Күйіков, атақты қоғам қайраткері Саясат Нұрбек қатысты. Талқылау барысында, Олжас Сүлейменов экожүйені сақтауға көңіл бөлді.

Конференция залдың белсенді қатысуымен "сұрақ-жауап" секциясымен жалғасты. Тараптар сарапшылық қоғамдастықпен, сондай-ақ халықаралық қауіпсіздік жөніндегі жастар бірлестіктерімен диалогты жалғастыру қажеттілігі пікірімен келісті.

Іс-шараның қорытындысында, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының және Гои бейбітшілік қорының басшылары әлемдік қоғамдастыққа ядросыз әлем мақсаттарына қол жеткізудегі күш-жігерді жандандыру және жаппай жою қаруының кез-келген формаларын құруда және сынауда жаппай тыйым салудың пайдасына негізгі дәлел ретіндегі ядролық қаруды қолдану мен сынаудың гуманитарлық салдарлары туралы ақпаратты кеңінен ілгерілету қажеттілігі туралы бірлескен өтінішті үндеді.  

Рекомендуем
Димаш Құдайберген "The World's Best" шоуында америкалық тыңдармандарды таңдандырды 13855

Похожие новости