Астанада зағип жандар арасында дойбыдан ашық турнир басталды

19 қараша, 2018, 17:09 1664 Астана
Астанада зағип жандар арасында дойбыдан ашық турнир басталды

Олардың қатарынан ҚР-ның чемпионатына қатысатын спортшылар іріктеліп алынады.

Зағип жандар арасында дойбыдан ашық турнир басталды. Қазақстан Респбуликасы Тұңғыш Президенті күніне арналған жүз торлы дойбы жарысына мүмкіндігі шектеулі спортшылар қатысады, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.

Біріншілік екі күн қатарынан ҚР Ұлттық кітапханасындағы көзі нашар көретіндерге арналған залда өтеді.

"Турнир жыл сайын қараша айының соңында ҚР Президенті күніне орай өтеді. Жарысқа көзі нашар көретіндер мен есту қабілеті нашарлаған спортшылар қатысады. Сондай-ақ, біз дойбы бойынша мүмкіндігі шектеулі адамдардың арасынан ҚР-ның чемпионатына қатысатын спортшыларды іріктейміз", - деді "Жігер" шахмат және дойбы клубының жаттықтырушысы Сағынбай Дәуренбеков.

Турнирдің жеңімпаздары мен жүлдегерлері медальдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталмақ.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар