Астанада жалпықалалық сенбілікте тоғыз мыңнан астам ағаш егілді

22 қыркүйек, 2018, 16:22 2628
Астанада жалпықалалық сенбілікте тоғыз мыңнан астам ағаш егілді

Бүгін өткен жалпықалалық сенбілікке 188 мыңнан астам адам қатысты.

Оның ішінде 4 180 кәсіпорын мен мекеме, соның ішінде 46 жоғарғы және арнайы орта білім беру мекемелері, 177 мектепке дейінгі және жалпы білім беру мекемелері, 58 денсаулық сақтау мекемесі, 146 мемлекеттік мекеме, ведомстволар мен ұлттық компаниялар, деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Жүк тиегіштердің 171 бірлігі және жүк көліктің 335 бірлігі іске қосылды, барлығы 506 мамандандырылған техника жұмылдырылды. Сенбілікте саябақтардың және шағынгүлбақтардың жалпы көлемі 2,3 млн м2 тазалық жұмыстары жүргізілді,   9 397 ағаштарды (қызыл тал, қара үйеңкі, қарағай, қайың, емен, пирамида сияқты терек, шетен, шаған, сағызқарағай, шефердия, шегіршін, қарақат, алма) және бұталардың 891 м.б. негізгі аймақтар бойынша отырғызылды.

Өзендер арналарын санитарлық тазалықпен қамтамасыз ету мақсатында еріктілер мен қоғамдық ұйым өкілдерін тартумен экологиялық акциялар Есіл, Ақбұлақ пен Сарыбұлақ өзендерінде өткізілді. Сенбіліктің кезінде (14.00-ге) 904,83 тонна қоқыс жиналып шығарылды. Экологиялық айлықта министрліктердің, агенттіктердің, Астана қаласы мәслихатының, Астана қаласы әкім аппаратының, орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелерінің, ардагер кеңесінің, кәсіподақ пен қоғамдық бірлестіктердің ұжымдары белсенді қатысты.

Кіші және орта бизнес қызметкерлерінің күшімен іргелес жатқан және кіретін аумақтары жиналды. Коммуналдық қызметтер мен мердігер ұйымдарды аула іштерін абаттандыру,  балалар онайтын және спорт алаңдарын, кіші сәулет нысандары, жиектерді және т.б. қалпына келтіру, инженерлік пен коммуникациялық желілерде жөндеу жұмыстарын жүргізу барысында пайда болған ақауларды жою, өтпежолдарды және көпірлердің қоршаулары, құрылымдарды жуу, аялдамалардағы павильондарды жөндеу, тазалау, бей-берекет тасталған автокөлік құралдарды шығару, сым желілерін сәйкесінше жасау, көшелер мен саябақтардағы жарықтандырғыштарды жуу мен бояу жұмыстары атқарылды.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Астана #ағаш отырғызу #Елорда тұрғындары

Читайте также

Похожие новости