Астанада жаңбыр соңы қарға ұлсады

30 қазан, 2018, 16:45 2220 Астана
Астанада жаңбыр соңы қарға ұлсады

Ауа температурасы -4°С дейін төмендейді.

Астанада ауа райы -4°С дейін төмендеп қар жауып, боран болады, деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты "Қазгидромет" РМК-ге сілтеме жасап.

Сейсенбі, 30 қазанда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын болып арты қарға ұласады. Күндіз көктайғақ. Оңтүстік-батыстан соққан жел бағытын өзгертіп солтүстік-батыстан 9-14, екпіні 15-20 м/с, түнде және күндіз ауа температурасы шамамен 0 °С, күндіз ауа температурасы төмендейді.

31 қазанда көшпелі бұлт шығады, түнде қар жауады, боран соғады. Жел солтүстік-батыстан 9-14 м/с, ауа температурасы түнде -5-7°С, күндіз -2-4°С.

1 қарашада көшпелі бұлт шығып, таңертең және күндіз қар жауып, боран соғады. Жел батыстан 9-14, таңертең және күндіз желдің екпіні 15-20 м/с, ауа температурасы түнде -7-9°С, күндіз -1-3°С болады деп күтілуде.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар