Астанада жастар арасында көркем гимнастикадан Қазақстан чемпионаты өтеді

29 қаңтар, 2019, 20:15 1602
Астанада жастар арасында көркем гимнастикадан Қазақстан чемпионаты өтеді

Чемпионатта еліміздің 11 облысынан және Алматы мен Шымкент қалаларынан спортшылар келеді.

30 қаңтарда Астанада жастар арасында көркем гимнастикадан Қазақстан Республикасының Чемпионаты жалауын көтереді. Дүбірлі додада жекелеген бағдарламада және топтық жаттығуларда спорт шеберлері мен спорт шеберіне кандидаттар бәсекеге түседі, деп хабарлады Астана қаласының мәдениет және спорт басқармасы.

Чемпионатта еліміздің 11 облысынан және Алматы мен Шымкент қалаларынан келген спортшылар бағын сынайды. Жарысқа өңірлерден 106 гимнастшы жекелеген бағдарламада және 30 команда  топтық жаттығуларда шеберлік сынасады.

Топтық жаттығуларда 5 команда,  сондай-ақ жекелеген бағдарламада 10 спорт шебері және 11 спорт шеберіне кандидат елорданың намысын қорғайды.

Мұнымен қоса, қатысушылар арасында топтық жаттығулар бойынша көпсайыстан екі разрядтық санатта – спорт шебері мен спорт шеберіне кандидаттар арасында жеке біріншілік өткізіледі.      

Біздің Telegram-парақшамыздаҚазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Астана #спорт #сайыс

Читайте также

Похожие новости