Астанада жастарға арналған кәсіби бағдарлау жобасы жүзеге асырылуда

24 қараша, 2018, 15:10 2530 Астана
Астанада жастарға арналған кәсіби бағдарлау жобасы жүзеге асырылуда

Шара алты күнге созылады.

Елордада мектеп оқушылары мен студенттерге арналған кәсіби бағдарлау күндері өтіп жатыр, деп хабарлады елордалық әкімдіктің ресми сайты.

Кез келген оқушы радиотехника, робототехника, архитектура, интерьер дизайны және журналистика бойынша шеберлік сабақтарына қатыса алады. Шеберлік сабақтары Upgrade жобасының ерте кәсіптік бағыты бойынша іс-шаралар жиынтығы шеңберінде өткізіледі.

Оның мақсаты -жастарға кәсіп таңдауға мүмкіндік беру.

"Жобаның мақсаты - қазіргі заманауи мамандықтармен таныстыру, танымал ету. Біз өз мамандығы бойынша жетістіктерге қол жеткізген адамдарды шақырамыз. Біздің спикерлер өз мамандықтарының артықшылықтары мен кемшіліктері туралы әңгімелейді. Біз шарамызға үздіктердің үздігін шақырдық. Олардың шарамызға қатысуға келіскені қуантады", - деді "Астана жастары" орталығының директоры Үкібай Нұрпейісов.

Айта кетейік, халықаралық қатынастар, аспаз, актерлік шеберлік, радиотехника және робототехника, журналистика (көпшілік алдында сөз сөйлеу дағдылары мен өзін-өзі таныстыру), архитектура және интерьер дизайны бағыттары бойынша кәсіби бағдар беру шарасы 6 күнге созылмақ. Спикерлер қатарында АҚШ елшілігі шығармашылық шеберханасының үйлестірушісі Әйгерім Тілеуханова, Silk Decoration & Design Group негізін қалаушы Сания Бисенова және журналист, тележүргізуші әрі продюсер Ғазиза Райымбек бар. 

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар