Астанадан жиырма бес күн ішінде 40 мыңнан аса текше метр қар шығарылды

12 қараша, 2018, 10:02 1635 Астана
Астанадан жиырма бес күн ішінде 40 мыңнан аса текше метр қар шығарылды

Өткен тәулікте көшені тазалауға 459 бірлік мамандандырылған техника жұмылдырылды.

Барлық тұрғын үй-коммуналдық мәселелер бойынша тәулік бойы Астана iKomek мониторинг және жедел әрекет ету орталығына хабарласуға болады, деп хабарлайды BNews.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Өткен тәулікте көшені тазалауға 459 бірлік мамандандырылған техника шығарылды. Қаланы санитарлық тазалауға 309 жол жұмысшысы қатысты. 9 қарашада 763 текше метр құм-тұз аралас қоспа себілді.

"Астана Тазалық" ЖШС 11 536 текше метр қарды жинап, сыртқа шығарды. 16 қазаннан бастап 9 қарашаға дейін бар-жоғы – 46 890 текше метр жер қардан тазартылды. Астана әкімдігі барлық тұрғын үй-коммуналдық мәселелер, оның ішінде қар тазалау бойынша Астана iKomek мониторинг және жедел әрекет ету орталығына немесе саІІ-орталықтың 109 номеріне хабарласуға болатынын ескертті.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар