Астанада жыл басынан бері терроризм актісі туралы тоғыз жалған хабарлама таратылғаны тіркелді

19 қараша, 2018, 19:04 1561 Астана
Астанада жыл басынан бері терроризм актісі туралы тоғыз жалған хабарлама таратылғаны тіркелді

Террористік актіге қатысты қасақана жалған хабарлама таратушы 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылады немесе 5 мың АЕК мөлшерінде айыппұл төлейді.  

Жыл басынан бері Қылмыстық кодекстің "Терроризм актісі туралы жалған хабарлама" бабы бойынша 9 қылмыстың фактісі тіркелді, деп хабарлайды BNews.kz Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Күдіктілер құрықталып, қылмыстық жауапкершілікке тартылды, деп хабарлады Астана қаласының полиция департаменті.

Жарылғыш құрылғы туралы хабарлама түске кезде, барлық төтенше жағдайлар қызметтерінің күші жұмылдырып, полиция жедел-іздестіру шараларын жүргізуді бастайды.                                                 

"Кәмелеттік жасқа толмағандар оқу үрдісіне кедергі келтіру үшін немесе ересектер мас күйінде аталмыш әрекетке баруы мүмкін. Бірақ олар саналы түрде әрекет еткендіктен, жаза өте ауыр болуы мүмкін", - делінген хабарламада.

Елордалық полиция департаментінің мәліметінше, 2018 жылдың 12 шілдесінен бастап Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің "Террорлық актіге дайындық туралы жалған мәлімет" бабына түзетулер енгізілді. Террористік актіге қатысты қасақана жалған хабарлама таратушы 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылып, немесе 5 мың АЕК мөлшерінде айыппұл төлейді.  

"Сонымен қатар, жұмыс режимі бұзылғандықтан, мекемелер, кәсіпорындар мен ұйымдар миллиондаған шығынға ұшырайды. Сондай-ақ, жалған ақпаратты тексергенде, шынымен қиындыққа тап болған адамдарға уақытылы көмек көрсете алмай қалу қаупі бар", - деді полиция департаментінде.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар