Астанада жыл соңына дейін 33 жылы аялдама пайда болады

16 қараша, 2018, 16:28 3055 Астана
Астанада жыл соңына дейін 33 жылы аялдама пайда болады

Олар кондиционер жүйесімен, жылытқышпен, Wi-Fi желісімен және бейне-бақылау жүйесімен жабдықталады.

25 қарашаға дейін елордада тағы 33 жылы аялдама орнатылады, деп хабарлайды BNews.kz Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Бүгінге дейін 55 жабық типті павильондар (жылы аялдама) орнатылды, олардың 33-іне жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.  

"55 павильонның барлығы орнатылды. Олардың 22-сі пайдалануға берілді. Пайдалануға берілген павильондар кондиционер жүйесімен, жылытқышпен, Wi-Fi желісімен, бейне-бақылау жүйесімен жабдықталған. 33 аялдама павильоны бойынша іске қосу жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.

Әкімдікте атап өткендей, күніне Астанада 5-7 жабық типті павильон пайдалануға беріледі. Жоспар бойынша жылы аялдамаларды орнату жұмыстары 25 қарашаға дейін аяқталмақ.  

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар