Астанада жыл соңына дейін жалпы дәрігерлік 48 учаске ашылады

23 қазан, 2018, 18:03 1617 Астана
Астанада жыл соңына дейін жалпы дәрігерлік 48 учаске ашылады

Сондай-ақ, қала бойынша денсаулық жүйесінде "SMART медицина" жобасы енгізілуде.

Астана тұрғындары үшін алғашқы медициналық-санитариялық көмек қолжетімді болмақ. Жыл соңына дейін қалада жалпы дәрігерлік 48 учаске ашылады деп жоспарланып отыр, деп хабарлайды BNews.kz Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Қала тұрғындарының жыл сайын өсуіне байланысты Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы "Үйдегі дәрігер" жобасы енгізілді. Осы жылы мемлекеттік-жеке әріптестікті дамыту аясында "Жағалау" (Есіл ауданы) шағын ауданында, Бараев көшесінде (Сарыарқа ауданы), "Сказочный мир" ТК (Алматы ауданы) үш отбасылық денсаулық орталығы ашылды.

"Жыл аяғына дейін тағы осындай төрт орталық ашылады, ал 2019 жылдың 1 тоқсанынан жеке инвесторлар есебінен тағы 6 орталық ашу жоспарланған. Осылайша әр ауданды емханалармен қамтамасыз етеміз. Ал болашақта орталықтарды жаңадан салынатын аудандарға ыңғайлап саламыз", - делінген ведомства хабарламасында.

Алғашқы көмек көрсететін мамандарға жүктемені азайту және медицина сапасын көтеру мақсатында салалық басқарма қаланың неғұрлым жүктемесі ауыр аудандарында БМСК желісін анықтау үшін карталау жобасы әзірленуде.

"Денсаулық" мемлекеттік бағдарламасының өңірлік жоспарына сәйкес жалпы практиканың бір учаскесіне жүктеме 1800 адам болуы тиіс, ал қазіргі күні бір учаскеге 2128 адамнан келуде. Осыған орай 2018 жылдың аяғына дейін жалпы дәрігерлік практика бойынша 48 жаңа учаске ашу жоспарлануда. Осылайша, азаматтардың бастапқы медициналық-санитариялық көмекпен қамтылуы қолжетімді болады", - деді басқармада.

Ал Астана бойынша денсаулық жүйесінде "SMART медицина" жобасы енгізілуде. Ол бұл саланы тек автоматтандырып қана қоймай диагностика мен емдеуге SMART-элементтерді енгізеді.

Қазіргі күні қаладағы барлық медициналық мекемелер 100% интернетпен қамтылған: барлық медициналық мекемелерде медициналық ақпараттық жүйе орнатылып, ал барлық қызметкерлер медициналық ақпараттық жүйеде жұмыс істеу бойынша компьютерлік сауаттылықтан өткен.  

Жауапты министрліктің бұйрығымен Астанада пилоттық режимде "Қағазсыз емхана" жобасы енгізілуде, осыған байланысты 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап барлық қызмет түрлері электронды жүретін болады.

Қазіргі таңда жобаның мынадай бағыттары жүзеге асқан: Астана тұрғындарының 1 009 320-да денсаулық электронды паспорты жасалған, БМСК ұйымдарында жоспарланған 66% есепке алу-есеп беру құжаттамасы электронды түрге ауыстырылды, оның ішіне амбулаторлық карталар, науқастарға еңбекке уақытша жарамсыздық парақтары, тексерілуге жолдама, кеңес беру кіріп отыр.

"Электронды медицинаға көшуден мынадай әсер күтілуде: дәрігерге қаралу екі есе, дәрігерлер мен сырқат жандардың уақытын алмау 50%-ға, кезекті 90%-ға қысқарту, қаржылық шығындардың ашықтығы, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету, медициналық қызмет көрсету сапасын жақсарту және медициналық қызметтің қолжетімділігін арттыру", - делінген хабарламада.

Жобаның басты артықшылығы денсаулық саласы мекемелерінде пациенттерге жағдай жасау. Қоғамдық денсаулық сақтау басқарма басшысының бұйрығымен "Астана адалдық алаңы" жобасын 20 қыркүйекке дейін аяқтау анықталған, осының аясында коррупцияның барлық түрін болдырмау және барлығына ұқыптылықпен қарау қарастырылған.   

2017 жылдан бастап қаланың 15 емханасында ауруды басқару бағдарламасы енгізілген. Бағдарламаның енгізілу мақсаты созылмалы аурулары бар пациенттердің сырқат түрлерін амбулаториялық деңгейде емдеу. Бұл бағдарлама пациенттердің өмір сүру ұзақтығын, өзінің денсаулығын басқаруға үйретеді және сапасын арттырады.

Сонымен қатар, пилотты емханаларда арнайы топтар құрылған және міндеттері анықталған. Олар тіркеу жүргізуге, пациенттерге хабарласу, жоспарлы қабылдау, пациенттердің қаралу картасын толтыру, қысқаша жоспарлар құрумен айналысады.  

"2018 жылдың аяғына дейін басқарма ауруларды басқару бағдарламасы арқылы диспансерлік науқастар басқарудың (артериялық гипертония, қант диабеті (2-і тип), созылмалы жүрек сырқаты) жалпы санын 20%-ға дейін арттыруды, ал 2019 жылдың аяғына дейін 30% жеткізуді көздеп отыр.

Қазір қала тұрғындарына медициналық ұйымдардың 3284 дәрігері мен 6501 орта медициналық қызметкері медициналық көмек көрсетеді.

2018 жылдың осы кезеңіне дейін ел ішіндегі ғылыми орталықтарда және шетелде 5081 маман біліктілікті арттыру курстарынан өтті, соның ішінде 1099 дәрігер, 3308 орта медициналық қызметкер, 534 әкімшілік қызметкер.

Елімізде алғаш рет 18 медбике Назарбаев Университетінің медицина мектебінде мейірбике ісінің менеджмент бағдарламалары бойынша оқытылды. Медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға және қайта даярлауға осы жылы жергілікті бюджеттен шамамен 390 млн теңге бөлінген.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар