Астанада жылына 24 мың тонна ет өнімдерін өңдейтін кешен салынады

08 қараша, 2018, 12:12 3326 Астана
Астанада жылына 24 мың тонна ет өнімдерін өңдейтін кешен салынады

Жоба шеңберінде өндірістің толық циклін ұйымдастыру жоспарлануда.

Ірі ауқымдағы жоба азық-түлік белдеуін күшейте түсуге, сондай-ақ, Қазақстанның мал шаруашылығы саласының экспорттық әлеуетін кеңейтуге мүмкіндік береді, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.

Астанада жер учаскесі түріндегі мемлекеттік табиғи грантты ұсынуға қатысты алғашқы инвестициялық келісім-шарт бекітілді. Астанада инвестицияны мемлекеттік қолдау шеңберінде "Астана қ. жоғары технологиялық ет өңдейтін кешеннің толық циклі" инвестициялық жобасын іске асыру үшін елорда тарихында алғаш рет жер учаскесі түріндегі мемлекеттік табиғи грантты ұсынуға қатысты алғашқы инвестициялық келісім-шарт бекітілді.

Аталған жобаны іске асыру мақсатында Астанада заманауи, жоғары технологиялық ет өңдейтін кешен салынады. Бұл қаланың азық-түлік белдеуін нығайтуға, аймақтағы экологиялық таза және балғын ет өнімі өндірісі мен оны өңдеу көлемін ұлғайтуға, Қазақстанның мал шаруашылығы саласының экспорттық әлеуетін кеңейтуге мүмкіндік береді. Жалпы жоба шеңберінде 80-нен астам жұмыс орнын құру жоспарланған. Жобаның болжамдық құны 3,6 млрд теңге; өндірістік қуаттылығы жылына 24 мың тонна ет және ет өнімдерін құрайды.

Жоба шеңберінде өндірістің толық циклін ұйымдастыру жоспарлануда.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар