Астанада жылжымайтын мүлікке орасан жеңілдік ұсынған жәрмеңке ұйымдастыруға тыйым салынды

07 желтоқсан, 2017, 15:27 1854 Астана
Астанада жылжымайтын мүлікке орасан жеңілдік ұсынған жәрмеңке ұйымдастыруға тыйым салынды

Аталған жәрмеңкені ұйымдастыруға Астана қаласының прокуратурасы тыйым салған, деп хабарлайды BNews.kz елорда әкімдігінің медиа орталығына сілтеме жасап.

Астана әкімдігі азаматтарға жылжымайтын мүлік алғанда мұқият болып, құрылысшымен үлескерлік заңнамаларға сәйкес құжат толтырып, келісім жасауға кеңес берді.

Интернет ресурстарының мониторингін жасау барысында, елордалық прокуратура «Facebook» әлеуметтік желісі арқылы жылжымайтын мүліктерді 50 пайыз жеңілдікпен сату жәрмеңкесі 9-10 желтоқсанда өтетіні туралы дерек анықтады.

«Қазақстан Республикасы «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» заңының талаптары бұзылмауына жол бермеу және алдын алу мақсатында, көрме ұйымдастырушысы - «80/20 the new media» маркетинг агенттігінің директоры Ш.Айдар қала прокуратурасына шақыртылды. Кездесу барысында жәрмеңке ұйымдастырушысына қолданыстағы заңнамада тұрғын үй құрылысына үлестік қатысудың негізгі талаптары түсіндірілді», - делінген қалалық әкімдік таратқан хабарламада.

Құрылыс салушыға үйді сатуға Астана әкімдігінің немесе «Кепілдендіру қоры» АҚ-ның рұқсаты қажет екені ескертілді.

Осыған сәйкес жасалған келісімшарттың түрі тек «үлестік қатысу туралы келісімшарт» деп аталу тиіс.

Үлгілік нысанға сәйкес келмейтін басқа келісімшарттар заң бойынша жарамсыз деп саналады.

«Кездесудің нәтижелері бойынша шараның ұйымдастырушысына Қазақстан Республикасы «Прокуратура туралы» заңының 32 бабына сәйкес заңды түсіндіру түріндегі прокурорлық жауап қайтару акті берілді, сонымен қатар МСҚББ-мен заңның бұзылуын болдырмау туралы хабарлама берілді» - деді әкімдікте.

Жоғарыда аталғанның негізінде, Астана қаласыны әкімдігі мен Астана қаласының прокуратурасы азаматтарды ҚР «Тұрғын үй құрылысындағы үлестік қатысу туралы» заңына сәйкес тұрғын үйді сатып алу кезінде құрылыс салушылардан тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шартты талап ету қажеттігін ескертеді.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар