Астанада жол апаты салдарынан полиция қызметкері қаза тапты

Написать нам
05 қыркүйек, 2018, 10:25 2257 Астана
Астанада жол апаты салдарынан полиция қызметкері қаза тапты

Dodge автокөлігінің жүргізушісі Түркістан көшесімен келе жатып, көлік тізгініне ие бола алмай қалған. Көлік өртеніп кетті. Салонда 23 жасар жолаушы-полиция қызметкері болған.

Астана қаласында жол апаты салдарынан полиция қызметкері көз жұмды, деп хабарлайды BNews.kz қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Түркістан көшесінде 4 қыркүйек күні сағат 23:00 шамасында тіркелген жол-көлік оқиғасына байланысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. DODGE CHALLENNGER маркалы атвокөліктің жүргізушісі Түркістан көшесімен келе жатып, көлік тізгініне ие бола алмай қалған және жол жиектасына соғылған. Кейін көлік аударылып, көшені жарықтандыратын бағанға соғылған. Осыдан кейін көліктен өрт шыққан", - делінген хабарламада.

Жол апаты салдарынан 23 жастағы жолаушы - Астана қалалық ІІД Жол-патрульдік полициясы жол-патрульдік қызметі полкінің полицейі көз жұмғаны белгілі болды. Ол DODGE CHALLENNGER көлігінің ішінде болған.  

"Жүргізуші әртүрлі дене жарақатымен қалалық ауруханаға жеткізілді. Қажетті сараптама жұмыстары тағайындалды. Сондай-ақ, қалалық жеке қауіпсіздікті басқару басқармасы қызметтік тергеуді жүргізіп жатыр", - делінген ІІД баспасөз қызметінің хабарламасында.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар