Астанада жолаушылардың 94% көлік картасын пайдаланады

03 қаңтар, 2019, 12:03 1716
Астанада жолаушылардың 94% көлік картасын пайдаланады

Жұмыс күндері жолаушылар ағымы орта есеппен 720 мың сапарды құрайды.

Сараланған тариф енгізілген сәттен бастап, көлік картасын 600 мың жолаушы пайдаланды, деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты. Жұмыс күндеріндегі жолаушылар ағымы орта есеппен 720 мың сапарды құрайды. Жолақысын қолма-қол ақшамен төлеу едәуір төмендегенін байқауға болады, күніне 40-45 мыңға тарта қағаз билет беріледі. Жеңілдікті санаттағы азаматтар күніне орта есеппен 100 мың сапар жасайды.

Қоғамдық көлікті пайдаланушылардың 90 мыңнан астамы күн сайын көліктік картаның көмегімен бір автобустан екіншісіне тегін отырады. Көлік картасы енгізілген сәттен бастап алты мамандандырылған касса ашылып, 30 RTVM-автомат орнатылды.

Сондай-ақ, картаны QIWI, Касса24, Kaspi.kz, Tenge сервистері, transcard.kz арнайы сайты арқылы толықтыру ұйымдастырылды. Қыркүйекте "HalykBank" АҚ-мен және "Beeline" бірлесіп, жол ақысын SMS және QR-код арқылы төлеуді іске қосқан болатын. Бұл әдістер жолақысын ұялы телефон арқылы бірден төлеуге мүмкіндік береді. 

Біздің Telegram-парақшамыздаҚазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Астана #жолаушы #карта

Читайте также

Похожие новости