Астанада жолаушыларға қолайлы болу үшін автобус бағдары оңтайландырылады

07 желтоқсан, 2018, 10:15 3009 Астана
Астанада жолаушыларға қолайлы болу үшін автобус бағдары оңтайландырылады

"Astana LRT" ЖШС-нің мәліметінше, бұл қадам бірнеше мәселені шешуге мүмкіндік береді.

№5 қалалық авобус бағдарына қатысты өзгерістер осы сенбі 8 желтоқсаннан бастап енгізіледі, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты. Оңтайландыру бірнеше мәселені шешуге мүмкіндік береді, делінген "Astana LRT" ЖШС тартақан хабарламада.

"Біріншіден, Оқжетпес көшесінің көлікпен қамтамасыз етілуі жақсарады; екіншіден, өзгертілген қозғалыс үлгісі Оқжетпес көшесі мен Көктал-1 тұрғын алабының арасындағы көлік байланысын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, Оқжетпес көшесінің мектеп оқушыларына "Көктал-1" тұрғын алабында орналасқан мектептерге айналма жолсыз, тікелей жету мүмкіндігі пайда болады", - делінген көлік компаниясының хабарламасында.

№5 қалалық бағдардың жаңа қозғалыс сызбасы: "Строймарт" гипермаркеті бастапқы аялдамасынан Герцен-Оқжетпес көшелерінің қиылысына дейін бағдардың қозғалысы өзгеріссіз, әрі қарай Оқжетпес көшесімен тіке, Көктал көшесіне солға одан әрі бұрынғы қозғалыс сызбасы бойынша қатынайды. Кері бағытта да жоғарыда аталған сызбамен жүреді.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар