Астанада жұмыспен қамту орталығы желіде қызмет көрсетеді

18 қаңтар, 2019, 12:13 2483 Астана
Астанада жұмыспен қамту орталығы желіде қызмет көрсетеді

Оның көмегімен бос жұмыс орындары, жұмыс іздеушілер мен жұмыс берушілерге арналған пайдалы ақпаратты табуға болады.

Елорданың Жұмыспен қамту орталығында қызметтерді қашықтықтан көрсететін пунктердің саны арттырылады деп жоспарлануда, деп хабарлады Астана әкімдігінің ресми сайты.

"2018 жылы орталықта бейне байланыс арқылы қызметтерді қашықтықтан көрсететін 4 пункт ашылған болатын. Биыл мұндай пунктердің саны арттырылады деп жоспарлануда", - делінген  жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының хабарламасында.

Бұдан бөлек, жұмыс іздеушілер мен жұмыс берушілерге арналған "CZ Astana" мобильді қосымшасы іске қосылды.Оның көмегімен бос жұмыс орындары туралы ақпаратты, жұмыс іздеушілер мен жұмыс берушілерге арналған пайдалы ақпаратты тауып қана қоймай, тіркелушілер өзінің қай мамандыққа икемі бар екенін тексеруге болады.

Мұнымен қоса, enbek.kz порталы жұмыс істейді.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар