Астанада зорлық-зомбылыққа қарсы өткізілген акцияның қорытындысы шығарылды

13 желтоқсан, 2018, 12:45 2315 Астана
Астанада зорлық-зомбылыққа қарсы өткізілген акцияның қорытындысы шығарылды

Полиция "Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн" шарасы барысында 19 әйел әкімдікке қарасты "Үміт" дағдарыс орталығына жіберілді.

Астана Полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметі басқармасы осы жылдың 25 қарашасы мен 10 желтоқсаны аралығында республика бойынша "Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн" ақпараттық акциясын өткізді. Науқанды өткізу барысында полицейлер 257 тұрмыстық құқық бұзушылықты анықтады, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты. 

Акция барысында 19 әйел әкімдікке қарасты "Үміт" дағдарыс орталығына жіберілді. Бұдан бөлек, 28 әйел дағдарыс орталығындағы психологтардың көмегіне жүгінді. Олардың 30-ы – ҚР ӘҚБтК-нің "Отбасылы-тұрмыстық  қарым-қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтар 73 бабына сәйкес жасалған әрекеттер.

Акцияның негізгі мақсаты – ана мен баланы қорғауға бағытталған түсіндіру жұмыстарын жүргізу, қоғамда отбасы ролін арттыру, отбасы құндылықтарын жақсарту және  халықтың құқықтық мәдениетін жоғарылатуға мүдделі мемлекеттік органдар және үкіметтік емес ұйымдарды, қоғамды, БАҚ-ты тарту.  

"Полиция – әйелдерге отбасында зорлық-зомбылық көрсетуші тұлғалармен де, сондай-ақ, күш көрсетулердің құрбандарымен де жұмыс істейтін ең бірінші, көп жағдайда жалғыз ғана әлеуметтік институт" - деп атап өтті Астана ПД ЖПҚБ аға инспекторы Ақмарал Серікбаева.

Шара аясында 150-ге жуық қоғамдық іс-шаралар өткізілді.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар