Астанадағы әуежай маңында ірі өрт сөндірілді

14 Мая, 2018, 18:51 1809
Астанадағы әуежай маңында ірі өрт сөндірілді |  | BNews.kz

Жалынды сөндіруге 16 өрт сөндіру қызметкері мен төрт бірлік техника жұмылдырылды.

Астанадағы "Нұрсұлтан Назарбаев" халықаралық әуежайының арғы жағындағы Майбалық көлінің жанында қамыс өртенді, деп хабарлайды BNews.kz. ҚР ІІД Төтенше жағдайлар комитетінде атап өткендей, өрт 3000 шаршы метр аумаққа жайылған. 

"Сағат 13.37-де Есіл ауданы, Қабанбай батыр даңғылына Төтенше жағдайлар департаментінің 16 қызметкері мен төрт бірлік техникасы, "Орталық өңірлік аэроұтқыр жедел-құтқару жасағы "ММ-ның төрт қызметкері (1 бірлік техника мен 6 бірлік жүзу құралы), сондай-ақ "Зеленстрой" ЖШС және "Астана Орманы" ЖШС жұмысшылары (6 жұмысшы мен 6 бірлік техника) барды", - деп хабарлады Төтенше жағдайлар комитетінде.

Өрт сағат 16.50-де сөндірілді.

Рекомендуем
Димаш Құдайберген "The World's Best" шоуында америкалық тыңдармандарды таңдандырды 13850

Похожие новости