Астанадағы балалар үйінде өрт шығып, бір қызметкер ауруханаға жеткізілді - Жаңалықтар | BNews

Астанадағы балалар үйінде өрт шығып, бір қызметкер ауруханаға жеткізілді

15 ақпан, 18:13 982 Астана
Астанадағы балалар үйінде өрт шығып, бір қызметкер ауруханаға жеткізілді

Құтқарушылар атап өткендей, өрт қоймадан шыққан.

Астанадағы балалар үйінде өрт шықты. ҚР ІІМ ТЖК-і баспасөз  қызметінің хабарлауынша өрт 18 минутта өшірілді, деп хабарлайды  BNews.kz. Кезекші пультке хабарлама 15 ақпан күні сағат 12.15-те түскен.

"Өрт үшінші қабаттан шықты. Қызыл жалын 30 шаршы метрді шарпыған. Мекеме әкімшілігі өрт сөндірушілер келгенге дейін эвакуация жасап үлгерген", - деді баспасөз қызметінде.

Өртті ауыздықтауда Астана қаласы өрт сөндіру қызметінің 40 адамы мен 8 бірлік техникасы жұмылдырылды. Өрт сағат 12.43-те сөндірілді.

Астана қаласы балалар үйінің қойма меңгерушісі түтіннен уланып ауруханаға жеткізілді.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары