Астанадағы бірқатар көшеде көлік қозғалысы шектеледі

04 маусым, 2018, 10:45 1904
Астанадағы бірқатар көшеде көлік қозғалысы шектеледі

Елордадағы бірнеше көшеде көліктер мен жаяу жүргіншілер үшін қозғалыс шектеледі.

Жол жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты Сарайшық көшесінің Тұран даңғылымен қиылысындағы жол (Комсомольский кентінің бағытында), сонымен бірге Тұран даңғылының жергілікті өту бөлігіндегі Ұлбике ақын көшесімен қиылысындағы жол осы жылдың 3 маусымнан бастап, 3 шілдеге дейін жабылады, деп хабарлайды BNews.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

"Тұран даңғылы бойынша өту мүмкіндігін арттыру үшін "Бас Лайн" жолағы екі жақтан да уақытша алынып тасталады да, барлық жолақ бойынша ортақ қозғалыс ұйымдастырылады. Сондай-ақ Тұран даңғылынан Мәриям Жагорқызы көшесіне апаратын сол жақ бұрылысқа тыйым салынып, осы көшеден Тұран даңғылына шығу аталған даңғылдың жергілікті өткелі арқылы жүзеге асырылады", - делінген хабарламада. Астана қалалық ІІД қала тұрғындары мен меймандарына қозғалыс бағдарын алдын ала жоспарлап, ол жоспарға Тұран даңғылының жабық участогын қоспауды сұрайды.    

Біздің Telegram-парақшамыздаҚазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Астана #жол қозғалысы #жол жабық #Астана қаласы ІІД

Читайте также

Похожие новости