"Біздің Отанымыз-мәңгілік Қазақстан" байқауына 6-дан 15 жасқа дейінгі оқушылар қатысы.
Астана қаласының Достық үйінде балалар мен жасөспірімдердің сурет көрмесі өтті, деп хабарлады Қазақстан халқы Ассамблеясының сайты.
"Біздің Отанымыз – Мәңгілік Қазақстан!" атты жас суретшілер арасында өткен байқауға отыздан астам жұмыс қабылданып, әділқазылар мүшелерінің назарына ұсынылды.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күні мерекесіне арналған байқауды Астана қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығы ұйымдастырды.
"Байқау жасөспірімдер арасында Отанды сүю, ұлттық рухты дамытуға, талантты балаларды қолдап, жас суретшілердің шығармашылық қабілеттерін арттыруға, бейнелеу өнеріндегі жаңа шығармашылық көркемдік идеяларды анықтауға бағытталып отыр", – деді Астана қаласы әкімдігінің жанындағы "Қоғамдық келісім" КММ Қоғамдық-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыру бөлімінің басшысы Нұркен Әбдіғали.
Байқауға 6-дан 15 жасқа дейінгі оқушылар қатысып, көрмеге Астананың келбеті, қазақ елінің кең байтақ жері, орман, суы, тауы бейнеленген картиналар қойылды.
Тақырыптың мазмұнына сай келіп, қанық бояуларымен ерекшеленген Асқар Тұрашев (І орын), Наргиз Маратова (ІІ орын), Адель Жүнісова (ІІІ орын) диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Көрме-байқауға қатысқан балаларға арнайы сертификаттар тапсырылып, жетекшілеріне алғыс жарияланды.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!
Читайте также
Ұқсас жаңалықтар
-
Мәскеуде "Ұлы дала алтыны" көрмесі өтеді
-
Павлодарда алғаш рет "Жібек жолы" музыка фестивалі өтеді
-
"Нұр Отан" партиясы жанынан Балалар құқығын қорғау бойынша кеңес құрылады
-
Мәскеуде өткен би байқауында алматылық бүлдіршіндер бас жүлдені жеңіп алды
-
Мәдениет министрлігінің ұжымы өрттен қаза тапқан қыздардың ата-анасына бір күндік жалақыларын аударады
-
Назарбаев Астанада өрт салдарынан қаза тапқан бес баланың ата-анасына көңіл айтты
-
Еліміздің бірқатар өңірінде оқушыларға сабақ болған жоқ
-
"Қобыланды батыр" жырын жатқа айтатын оқушылар Гиннестің рекордтар кітабына кіруі мүмкін