Астанадағы "Есіл" ауданының жаңа әкімі тағайындалды - Жаңалықтар | BNews

Астанадағы "Есіл" ауданының жаңа әкімі тағайындалды

14 ақпан, 16:27 1011 Астана
Астанадағы

Бұл қызметті енді Төлеген Закарьянов атқаратын болады.

Бүгін қалалық мәслихаттың XXVII кезектен тыс сессиясы барысында депутаттар Астана қаласы "Есіл" ауданының жаңа әкімінің тағайындалуын мақұлдады, деп хабарлайды BNews.kz әкімнің ресми сайтына сілтеме жасап.

"Есіл" ауданының әкімі қызметіне Төлеген Закарьяновтың кандидатурасы ұсынылды.

"Төлеген Қабыкенұлы Закарьянов стратегиялық тұрғыдан маңызды деген басқармалардың біріне жетекшілік етіп, қаладағы ірі жобалардың іске асырылуына өзінің сүбелі үлесін қосқан болатын. Оның мол тәжірибесі бар. Ол аймақтарда, министрліктерде, ҚР Президентінің Әкімшілігінде жұмыс істеді", - деді Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев. 

Мәслихат депутаттары ұсынылған кандидатураны бірауыздан мақұлдады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары