Астанадағы қарлы боранның зардаптары әкімшілікте айтылды - Жаңалықтар | BNews

Астанадағы қарлы боранның зардаптары әкімшілікте айтылды

12 қаңтар, 18:10 1916 Астана
Астанадағы қарлы боранның зардаптары әкімшілікте айтылды

Зақым келген ғимараттар қатарында тұрғын үйлер, ЖОО-лар, балабақшалар мен мектептер, автобус аялдамалары бар.

Астанадағы қарлы бораннан 26 тұрғын үй, 4 мектеп, 3 балабақша, 16 автобус аялдамасына зақым келді, деп хабарлайды BNews.kz Астана қаласы әкімшілігінің баспасөз-қызметінің жетекшісі Эльвира Жүргенбаеваға сілтеме жасап.

«Бүгінгі күні төтенше жағдай режимі алынып тасталды. Мектепте сабақ басталып, барлығы да қалыпты тәртіппен жұмыс істеуде. Егер қала бойынша шығындарды есептейтін болсақ, 26 үй шатыры мен қабырғасынан  құрылыс материалдары құлаған. Нақтырак айтсақ «Алматы» ауданы бойынша - 4 үй, «Сарыарқа» ауданы бойынша - 8 үй, «Есіл» ауданы бойынша - 14 үй», - деді Эльвира Жүргенбаева.

Оның мәліметінше, қатты соққан боран салдарынан әлеуметтік нысандар – төрт мектеп пен үш балабақшаға зақым келіп, С.Сейфуллин атындағы Агротехникалық университтің шатыры ұшып кеткен. Қатты жел салдарынан 131 бағдаршам да істен шыққан.

Өткен екі тәулік ішінде Астанадан 82 мың текше кубометр қар шығарылып, көше тазалауға барлығы 4 мың адам мен 2,6 мың бірлік техника жұмылдырылған.  

«Қазір барлық коммуналдық қызметтер тәулік бойы жұмыс жасауда. 109 қызметіне шамамен 13 мың қоңырау шалынды. Алдын-ала жасалған қимыл әрекеттердің арқасында қарлы дауыл күрделі шығындарсыз өтті», - деді баспасөз қызметінің жетекшісі.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары