Астанадағы көшелердің бірі 20 тамызға дейін ішінара жабылады

09 тамыз, 2018, 10:57 1862
Астанадағы көшелердің бірі 20 тамызға дейін ішінара жабылады

8 тамыздан бастап Пушкин көшесінде жол жөндеу жұмыстары басталды.

Астана Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы автокөлік жолдарын орташа жөндеу аясында А. Пушкин көшесі бойынша Абай даңғылынан К. Циолковский көшесіне дейінгі учаскеде жөндеу жұмыстары басталды, деп хабарлады BNews.kz елорда әкімдігінің ресми сайты сілтеме жасап. 

"Осыған байланысты 8 тамыздан (сағат 16:00) 20 тамызға дейінгі аралықта көрсетілген учаске бойынша автотранспорт құралдарының қозғалысы жартылай жабылады. Елорда тұрғындары мен қонақтары қала көшелерінде кептеліс тудырмау үшін жол қозғалысы бағыттарын алдын ала жоспарлауы қажет", - делінген хабарламада.

Біздің Telegram-парақшамыздаҚазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Астана #жол жөндеу жұмыстары #жол жабық

Читайте также

Похожие новости