Астанадағы құрылыс алаңында зардап шеккендер жан сақтау бөлімінде емес - Жаңалықтар | BNews

Астанадағы құрылыс алаңында зардап шеккендер жан сақтау бөлімінде емес

02 тамыз, 13:52 3463 Астана
Астанадағы құрылыс алаңында зардап шеккендер жан сақтау бөлімінде емес

Астана қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз хатшысының айтуынша, олардың денсаулық жағдайы орташа, тұрақты деп бағаланып отыр.

Астана қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Әйгерім Ардақ 1 тамызда қаладағы құрылыс алаңдарынының бірі құлауының салдарынан зардап шекен үш азаматтың жағдайы туралы мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

"Кеше 1 тамыз күні сағат 19.52-де 103 пунктіне Балқантау 92 көшесінде құрылыс алаңының құлауы салдарынан зардап шеккендер бар деген қоңырау түсті. Оқиға орнына дер кезінде жеткен жедел жәрдем бригадасы үш зардап шеккенді бірінші қалалық ауруханаға жеткізді. Қазіргі таңда зардап шеккендердің денсаулық жағдайы орташа, тұрақты деп бағаланып отыр", - деді Әйгерім Ардақ.

Сондай-ақ, ол зардап шеккен азаматтарға нақты қандай диагноз қойылғанын атап өтті.

"Олардың әрқайсысы медициналық көмекпен толық қамтамасыз етілді. Үш зардап шеккен адам қазір аурухананың бейінді бөліміне жатқызылды. Оларға қойылған диагноз - политравматизм", - деді Астана қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы.

Сонымен қатар, ол зардап шегушілердің бірі жас бала екенін мәлім етті.

"Зардап шеккендер жан сақтау бөлімінде емес. Ол үш адамның арасында жас бала бар", - деп қорытындылады Әйгерім Ардақ.

Еске сала кетейік, 2018 жылдың 1 тамызында Астанадағы Балқантау көшесінде жаңадан салынып жатқан үйдің бірінші қабатының төбесі опырылып құлап, жұмысшыларды басып қалды. Оқиға Балқантау көшесіндегі 171-үйде, шамамен кешкі сағат 8-де болған. 48 және 35 жастағы екі азамат құтқарылды. Төтенше жағдайлар комитетінің жедел құтқару жасағы біраз уақыттан кейін тағы бір азаматты үйінділер астынан алып шықты. Зардап шеккендердің үшеуі де ауруханаға жеткізілді.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары

Материалды әзірлегендер: