Астанадағы мейманхана қонақтары терезеден теледидар ұрлап кетті - Жаңалықтар | BNews

Астанадағы мейманхана қонақтары терезеден теледидар ұрлап кетті

22 ақпан, 20:05 1453
Астанадағы мейманхана қонақтары терезеден теледидар ұрлап кетті

Астанада Ұлттық ұлан жауынгерлері Давлат Ауезов пен Руслан Айтбаев Дүкенұлы-Айманов көшелерінің қиылысында екі ұрыны айғақ заттармен қоса ұстады, деп хабарлайды BNews.kz ҚР Ұлттық гвардиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Астана қаласында Ұлттық ұлан жауынгерлері ұрыларды қылмыс үстінде ұстады. Кешкі сағат 19.30 шамасында 5573 әскери бөлімінің жедел мақсаттағы ротасының жасағы қоғамдық тәртіпті күзетіп келе жатып жол жиегінде тұрған жалғыз әйелді байқаған.

"Жақындай бергенде сол әйелдің тұсындағы "Жігер-2" қонақүйінің іргесінде тағы бір ер азаматтың жүргенін көреді. Ұландықтардың айтуынша әйел кісі ер адамның әрекетін бүркемелеу үшін, сырт көзден бақылап тұрғандай болады. Әскерилерді көрген олар сыр бере бастайды. Ер адам дәрет сындырып тұрған кейіп таныта қалады. Қасына барған жауынгерлер күдіктінің жанынан матаға оралған теледидарды көреді", - делінген мәлімдемеде

Анықтау жұмыстары нәтижесінде қос ұры аталған қонақүйден бір күн бұрын бөлме жалдағаны белгілі болды. Кететін уақыт таяғанда жалдамалы нөмірде тұрған теледидарды төсек жаймалардың көмегімен 5-ші қабаттың терезесінен төмен түсіріп, ұрлап кетеді. Алайда, ұландық сарбаздардың қырағылығы арқасында олардың бұл жоспары жүзеге аспай, ұрлықтары дер кезінде әшкереленген.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары