Астанадағы мектептің бірінде қашықтықтан оқыту басталады

22 қазан, 2018, 16:05 2070 Астана
Астанадағы мектептің бірінде қашықтықтан оқыту басталады

Тәжірибелік жобаны ұстаздар бірнеше жыл қатарынан қорғаған.

"SVободны от школы" жобасы эксперимент ретінде №22 мектеп-гимназиясының базасында жүзеге асырылуда. 1-4-сынып оқушылары 2018 жылдың екінші тоқсанынан, ал бесінші сынып оқушылары қараша айынан бастайды, деп хабарлайды BNews.kz Елорда Инфо-ға сілтеме жасап.

Жоба "Moodle" платформасында қашықтықтан білім беру формасын қалыптастыру" деп аталады.

"Біз оны 2018 жылдың тамыз айында Астана қаласының Білім басқармасының ғылыми кеңесінде қорғадық. Қыркүйек айында жобаны №22 мектеп-гимназияның базасында жүзеге асыра алатынымыз туралы бұйрық алдық. Жобаны үш жыл бойы қорғадық. Ол көптеген маңызды кезеңдерден тұрады. Біз халықаралық тәжірибені зерттедік, сол себепті жоба жоспарға сәйкес жүзеге асырылуы керек екенін түсінеміз. Қазіргі күні жобаның бірінші кезеңінде балаларын қашықтықтан білім алуына мүдделі ата-аналар қауымдастығын құрып жатырмыз, одан соң оқушылар ағымын қалыптастырамыз", - деді жобаның ұйымдастырушысы Вера Садыкова.

Оның айтуынша, 1-4-сынып оқушылары жобаға қатыса бастады, ал бесінші сынып пен одан жоғарылары қараша-желтоқсан айларында қатыстырылады.

"9-11-сынып бойынша биыл оларды жобаға қатыстырмаймыз деген шешімге келдік. Себебі олар емтиханға дайындалып жатыр. Бірақ ата-аналар мен оқушылардан өтінімдер көп түсуде. 1-4-сынып оқушылары 2018 жылдың екінші тоқсанынан бастап қашықтықтан оқуды үйренеді", - деді ол.

Жүйе Moodle платформасында жүзеге асырылуда. Әр оқушыға жеке кабинет ашылады. 

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар