Астанадағы нәрестелер арасында ең танымал есімдер белгілі болды

05 желтоқсан, 2018, 20:08 3589 Астана
Астанадағы нәрестелер арасында ең танымал есімдер белгілі болды

Әлихан және Медина – елордада жаңа туылған нәрестелерге ең көп қойылған есім.

Астанада ата-аналар жаңа туылған нәрестелеріне ең көп қоятын есімдер анықталды, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.

Қаңтар-қазан айларында Қазақстан астанасында 27 998 бала жарық дүниеге келді. Астананың АХАТ статистикасы бойынша жаңадан туылған нәрестелер арасында ең танымал есім – Әлихан мен Медина болған. Осы жылы 289 баланы Әлихан деп атаса, 387 қызды – Медина деп атаған.

Ең кең тараған есімдердің ондығына ұл балалар арасында Әмір, Әли, Айсұлтан, Арлан, Алан, Санжар, Алдияр, Ерасыл және Мансұр кіреді.

Қыздар арасында Айзере, Айлин, Әмина, Айша, Раяна, Айару, Аяла, Сафия және Аиша есімдері көбірек қойылыпты.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар