Астанадағы негізгі көшелердің бірі жөндеу жұмыстарына байланысты жабылады

11 шілде, 2018, 14:46 1621 Астана
Астанадағы негізгі көшелердің бірі жөндеу жұмыстарына байланысты жабылады

Елорда тұрғындары мен қонақтары өз қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлауы қажет.

11 шілдеде сағат 22:00-ден бастап 18 шілде сағат 18:00-ге дейін Қорғалжын тас жолы мен Сарайшық көшелерінің аралығында жатқан Тұран даңғылының учаскесінде автокөліктердің қозғалысы ішінара жабылатын болады, деп хабарлайды BNews.kz Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Астана қаласының көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының мәліметінше, аталған учаске автокөлік жолдарына жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты жабылады.

"Қала көшелеріндегі жолдарда кептеліс тудырмау мақсатында елорда тұрғындары мен қонақтары өз қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлауы қажет", - делінген ресми хабарламада.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар