Астанадағы Нұржол желекжолында 13-20 маусым аралығында жөндеу жұмыстары жүргізіледі - Жаңалықтар | BNews

Астанадағы Нұржол желекжолында 13-20 маусым аралығында жөндеу жұмыстары жүргізіледі

12 маусым, 10:41 2265 Астана
Астанадағы Нұржол желекжолында 13-20 маусым аралығында жөндеу жұмыстары жүргізіледі

Бір апта бойы Нұржол желекжолында жол таңбаларын сызу жүргізіледі.

Маусымның 13-і мен 20-сы аралығында елордадағы Нұржол желекжолы бойындағы ақылы көлік тұрақтары аумағында жол таңбаларын сызуға байланысты жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды BNews.kz Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Жөндеу жұмыстары кезінде бірқатар жол телімдері жабылатын болады. Нұржол желекжолы бойында жол таңбаларын сызу кестесіне сәйкес, Түркістан көшесінен Мәңгілік ел даңғылына дейін – 13-14 маусым, Түркістан көшесінің Қонаев көшесінен Достық көшесіне дейінгі телім – 15 маусым, Бәйтеректің айналасындағы телімдер – 16 маусым, Ақмешіт көшесінің Достық көшесінен Қонаев көшесіне дейінгі телім – 17 маусым, Ақмешіт көшесінен Нұржол көшесіне дейін – 18-19 маусым, сондай-ақ Нұржол көшесінің Достық көшесінен Қонаев көшесіне дейінгі телім 20 маусымда жабылады. 

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары