Астанадағы «Нұржол» желекжолындағы көлік тұрағы енді ақылы болады - Жаңалықтар | BNews

Астанадағы «Нұржол» желекжолындағы көлік тұрағы енді ақылы болады

03 қаңтар, 17:48 2144 Астана
Астанадағы «Нұржол» желекжолындағы көлік тұрағы енді ақылы болады

Жұмыс күндері тұраққа көлік қою құны сағатына 100 теңге болады, деп хабарлайды BNews.kz Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2018 жылдың 15 қаңтарында елордада ақылы көлік тұрағын енгізу бойынша «Астананың көлік тұрағы кеңістігін басқару» жобасы іске қосылады. Жобаның алғашқы кезеңі аясында «Нұржол» желекжолында көлік тұрағы жұмысын бастайды.   

Көлікті сағат таңғы 8-ден кешкі 8-ге дейін тұрақта қалдырғаны үшін көлік басқарушылар әр сағатқа 100 теңгеден төлейді. Төлем тұрақ сессиясы басталған сәттен бастап, алғашқы отыз минут ішінде жүзеге асырылуы тиіс. Демалыс және мереке күндерінде тұраққа көлік қою тегін. Тұрақты пайдалану тәртібі, төлем тәсілдері және паркоматтар орналасқан орындар туралы ақпаратты www.2888.kz сайты арқылы, сондай-ақ, 8(7172) 57 64 81 тегін нөміріне хабарласып білуге болады.

Автотұрақтар аумағында төменде көрсетілген көлік құралдарын тегін қоюға болады:

- тиісті тану белгілері, түрлі-түсті графикалық бояулары және жазулары бар жедел қызметтердің (жедел медициналық көмектің, ҚР Ішкі істер Министрлігінің, ҚР Қарулы Күштерінің Әскери полициясының, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің) көліктері;

- «Алтын қыран» және «Халық қаһарманы» ордендерімен марапатталған тұлғалардың атына тіркелген көліктер;

- көлікті өзі басқарып отырған немесе сол көліктің ішінде отырған бала кезінен мүгедектігі бар азаматтардың және І, ІІ топтағы мүгедектердің атына тіркелген арнайы көлік құралдары. Мүгедек балалардың заңды өкілдеріне тіркелген көлік құралдары (мүгедектердің көлік құралдарына лайықталған орындар тиісті жол белгілерімен немесе таңбаларымен белгіленген);

- тікелей өзі басқарып отырған немесе сол көліктің ішінде отырған Ұлы Отан соғысы қатысушыларына, белсенді әскердің құрамына кіретін әскери бөлімдерде, штабтарда, мекемелерде қызмет өткен әскери қызметшілерге, сондай-ақ, жауынгерлік іс-қимылдардың ардагерлерлеріне тіркелген көлік құралдары;

- тікелей өзі басқарып отырған немесе сол көліктің құралдарының ішінде отырған «Алтын алқа» және «Күміс алқа» белгілерімен марапатталған немесе бұдан бұрын «Батыр ана» атағын алған, I, II және III дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көпбалалы аналардың атына тіркелген көлік құралдары; 

- Семей ядролық полигонында ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен  адамдардың атына тіркелген көліктер;

- тікелей өзі басқарып отырған немесе сол көлік құралдарының ішінде отырған, әскери қызметтен босатылған немесе әскери дайындықтан өткен, Ауғанстандағы және жауынгерлік әрекеттер орын алған басқа да елдерде интернационалдық  борышын өткерген азаматтардың атына тіркелеген көлік құралдары.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары