Астанадағы Павлодар облысының ауыл шаруашылық жәрмеңкесіне 220 тонна картоп әкелінеді

4 Сентября, 2018, 18:14 2346
Астанадағы Павлодар облысының ауыл шаруашылық жәрмеңкесіне 220 тонна картоп әкелінеді |  | BNews.kz

Жәрмеңке 8-9 қыркүйекте өтеді.

Жәрмеңке "Қазақстан" спорт кешенінде өтеді, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты. 

Апта сайын өтетін жәрмеңкеде 465 тонна өнім ұсынылады, оның ішінде 36 тоннадан жоғары ет пен ет өнімдері, 220 тонна картоп, 80 тонна көкөніс сатылады. 

Мұнда 100-ден аса кәсіпорын өздерінің өнімдерін ұсынады. Олардың қатарында "Рубиком" ЖШС, "КЭММИ" ЖШС, "Ақжар - Өндіріс" ЖШС, КХ "РЭГТайм", "Крендель" ЖШС, "Зерноград" ЖШС, "Галицкое" ЖШС, "Шарбақты Құс" ЖШС, "Победа" ЖШС, "Ақтоғай Агро" ЖШС және басқалары бар.

Жәрмеңкеде концерттік бағдарлама мен музыкалық сүйемелдеуді Павлодар облыстық филармониясының шығармашылық ұжымы қамтамасыз етеді.

Рекомендуем
Димаш Құдайберген "The World's Best" шоуында америкалық тыңдармандарды таңдандырды 13869

Похожие новости