Астанадағы перинаталдық орталықтардың бірінде вокалотерапия қолға алынды - Жаңалықтар | BNews

Астанадағы перинаталдық орталықтардың бірінде вокалотерапия қолға алынды

23 ақпан, 12:30 1283 Астана
Астанадағы перинаталдық орталықтардың бірінде вокалотерапия қолға алынды

Дәрігерлер бұл әдістің жүкті аналарға тигізер пайдасы мол дегенді айтып отыр.

Астана қаласының №3 перинаталдық орталығының мамандары вокалотерапия арқылы жүкті әйелдерді босануға дайындап, толғағын жеңілдете бастады, деп хабарлайды BNews.kz Елорда инфо сайтына сілтеме жасап.

"Мамандардың пайымдауынша, құрсақтағы нәресте 15 аптадан бастап анасы мен айналадағы дыбыстарды ести бастайды. Ал босану кезінде анасының даусын дұрыс басқару жеңіл босануына және босанудан кейінгі стресстен сақтауға септігін тигізеді", - дейді дәрігерлер.

Осыған орай №3 қалалық перинаталдық орталықта жүкті әйелдерді босануға дайындайтын вокалотерапия, яғни тыныс алу гимнастикасы енгізілді.

"Эмоциялық стресстен арылту үшін жүктілік кезінде екіқабат әйелдермен жаттығу өткізіледі. Әрі босану кезіндегі толғағы қысатын белгілі бір кезеңде де өтеді. Яғни, ән айту кезінде тыныстау дұрысталады, ол толғақты жеңілдетеді", - деді вокалотерапия шеберлігін жүргізетін медицина ғылымдарының докторы Сабира Кульчимбаева.

Перинаталды психология маманы вокалотерапиямен дайындалған әйелдердің босануы мен эмоциялық жағдайы жақсы екенін дәлелдеген. Бұл әдісті қолданысқа енгізбес бұрын Аргентина, Италия және т.б. елдерге барып тәжірибе жинаған.

"Жүкті әйелдер орындайтын әндер тыныс алу түрлеріне қарай таңдалады. Бүгінгі күні халықаралық тәжірибеге сәйкес, тыныс алудың 7 түрі бар. Ол 20 жылдан астам уақыт зерттелген. Соның негізінде босану кезінде ауырсынуды басудың бір жолы – Ламаз әдістемесі бойынша тыныс алу методикасы енгізілді", - деді Сабира Кульчимбаева.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары