Астанадағы сауда нысандарында 550 өрт қауіпсіздігі ережелерінің бұзылғандығы анықталды

17 сәуір, 2018, 12:50 1807 Астана
Астанадағы сауда нысандарында 550 өрт қауіпсіздігі ережелерінің бұзылғандығы анықталды

8 заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 

Астана әкімдігінде Әсет Исекешевтің төрағалағымен өткен кезекті аппараттық жиында, үлестік құрылыс, жылу маусымы, құқықтық тәртіп, көшелерді тазалау мәселесі қаралды, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Қаладағы сауда ойын-сауық орталықтарын тексеру жұмыстары бойынша және басқа да адамдар көп жиналатын орындардағы өрт қауіпсіздігі жөнінде Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Барат Дұзақбаев баяндады. 

Оның айтуынша, 117 нысанның 60 нысаны тексеруден өтті. Тексеру барысында 522 бұзушылық анықталған. Жіберілген бұзушылықтар үшін 8 заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 

"Сауда нысандарын тексеру барысында негізгі бұзушылықтар өртке қарсы автоматиканың істен шығуы, эвакуация жолының жабық болуы, электр сымдары механикалық әдіспен орындалған", - деді ол.   

Одан басқа, 15 нысанға қатысты тексерулер тіркеліп, жұмыстар жалғасуда, олар "Хан шатыр", "Сарыарқа", "Евразия", "Астықжан",  MegaSilkway, т.б. 

ТЖД басшысының баяндамасын тыңдаған Астана әкімі Әсет Исекешев қаладағы сауда базарларындағы өрт қауіпсіздігі қанағаттанарлық емес екенін айтты. Осыған байланысты базарлардың басшылары мен қожайындарына кешенді шаралар қабылдау қажеттігіне шақырды, егер шара қолданбаса базарды жауып тастайтынын ескертті.

Ал тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу мәселесі бойынша Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары Сергей Хорошун баяндады. 

"ВАК-тың соңғы отырысында 26 нысан қаралып, "Елорда құрылыс компаниясы" ЖШС атқарған жұмыстары туралы есебі тыңдалды. Бүгінге дейін нысанның қаржы және техникалық аудит жұмыстары жалғасып жатыр. ТҚК төрағасымен бірге жеткілікті емес құжаттарды жинау жұмыстары жүргізілуде", - деді  Хорошун. 

Сондай-ақ, ол "Абат" ТК нысаны жаңа "Интел KZ" ЖШС инвесторымен құрылыс жұмыстарын бірлесіп аяқтау туралы келісімге қол қойып, құрылыс жұмыстарын қайта жаңартты. "Алтын босаға" ТК пайдалануға берілді. Қазір проблемасы шешілмеген 51 нысан бар. 

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар