Астанадағы Ұлттық компанияның қызметтік пәтерлерін сату бойынша аукцион тағы да жарамсыз деп танылды

09 қаңтар, 2019, 17:02 1365
Астанадағы Ұлттық компанияның қызметтік пәтерлерін сату бойынша аукцион тағы да жарамсыз деп танылды

Өйткені аукционға әрбір лот бойынша екіден кем сауда қатысушысы қатысқан.

"Азық-түлік келісім шарт корпорациясы" ҰК" АҚ өзінің бейінді емес активтерді жүзеге асыруы және шығындарды оңтайландыруы барысында 2019 жылдың 9 қаңтарында компанияға тиесілі пәтерлердің қайталама электрондық аукционын өткізді. Әрбір лот бойынша екіден кем сауда қатысушысы қатысқандықтан аукцион жарамсыз болып танылды, деп хабарлайды BNews.kz Ұлттық компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2018 жылғы 19 желтоқсанда ұйымдастырылған бірінші аукцион да сонымен қатар өтінімдердің болмауына байланысты жарамсыз деп танылған болатын.

"Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес және айқындылықты қамтамасыз ету мақсатында аукциондар www.gosreestr.kz интернет-ресурсында ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Мемлекеттік мүлік тізілімінде өткізіледі. Бұл интернет-ресурстың жұмысын "Ақпараттық-есептеу орталығы" АҚ (АЕО) ұсынады", - делінген хабарламада.

Ұлттық компанияның мәліметінше, сатуға 7 қызметтік пәтер қойылды: жалпы көлемі 26,5 шаршы метрден 65,5 шаршы метрге дейін болатын 1960-2006 жылдары салынған бір, екі және үш бөлмелі пәтерлер.

АЕО-ның Мүлікті мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында сату бойынша электрондық аукциондарды өткізу ережесіне сәйкес осы сайтта тіркелген және мүліктің бастапқы құнының 15% кепілдік жарнасын төлеген барлық жеке және заңды тұлғалар аукционға қатыса алады.

Айта кетейік, веб-портал тікелей өтініштер қабылдап, қатысушыны саудаға өткізеді. Бұл ретте, аукционды қорытындылауға дейін оның ұйымдастырушысы ұсынылған өтінімдер мен қатысушылары туралы ақпаратқа қол жеткізе алмайды.

"Азық-түлік келісім шарт корпорациясы" барлық сұрақ бойынша Астана қаласы, Мәскеу көшесі, 29/3, №108 каб. (тел. +7 (7172) 591-260) мекенжайы бойынша хабарласуды сұрайды.

Біздің Telegram-парақшамыздаҚазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Астана #пәтер #сауда

Читайте также

Похожие новости