Астанадағы Ұлттық музейде Дали мен Пикассо графикасы ұсынылады

12 қаңтар, 2019, 12:19 2072
Астанадағы Ұлттық музейде Дали мен Пикассо графикасы ұсынылады

Өнерсүйер қауым көрмені 17 қаңтардан бастап тамашалай алады.

Еліміздің бас музейіне өткен жылы 200 мыңға жуық адам келді, деп хабарлады Астана әкімдігінің ресми сайты. ҚР Ұлттық музейінің баспасөз қызметі хабарлағандай, 17 қаңтарда Альбрехт Дюрер, Марк Шагал, Хоана Миро, Пьер-Огюст Ренуар, Пабло Пикассо, Сальвадор Далидің графикалық жұмыстары ұсынылатын көрме ашылмақ.

Бұдан басқа, Әбілхан Қастеев, Орал Таңсықбаев, Жанатай Шарденов, Шаймарден Сариев, Сахи Романов, Тоқболат Тоғызбаев, Алексей Степанов, Евгений Сидоркин сынды қазақ кескіндеме өнері корифейлерінің жұмыстары қойылады.

2018 жылы Ұлттық музей экспозициясын тамашалауға 199 356 адам келген болатын. Мұнда барлығы 60 көрме ұйымдастырылды.

"Музейге келушілердің қызығушылығын тудырған ең көрнекті залдардың қатарында алтын зал, этнография және Тәуелсіз Қазақстан залы бар. Өткен жылғы уақытша көрмелерден "Третьяков галереясының коллекциясынан XX ғасырдың 50 жауһары көрмесін" тамашалауға келгендердің саны көп болды", - деп атап өтті музейдің баспасөз қызметінде.

Қазақстанның Ұлттық музейі – Орталық Азиядағы ең жас және ең ірі музей.    

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Астана #көрме #сурет

Читайте также

Похожие новости