Астанада Қамқоршылар кеңесі "Отандастар" қорының даму жоспарымен танысты

12 қазан, 2018, 13:54 3071 Астана
Астанада Қамқоршылар кеңесі

Қордың қызметі шет елдерде өмір сүріп жатқан отандастарды, сондай-ақ Қазақстанға қайтып келген этникалық қазақтарды қолдауға арналған.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен "Отандастар" қоры Қамқоршылар кеңесінің отырысы өтті, деп хабарлайды BNews.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Жиынға Сенат төрағасының орынбасары Бектас Бекназаров, Мәжіліс төрағасының орынбасары Владимир Божко, Қоғамдық даму министрі Дархан Кәлетаев, Қордың президенті Нұртай Әбіқаев, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының бірінші орынбасары Зауытбек Тұрысбеков, мемлекет және қоғам қайраткерлері, сондай-ақ Қазақстан бизнесінің өкілдері қатысты.

"Отандастар" қоры Мемлекет басшысының 2017 жылғы маусымда өткен Дүниежүзі қазақтарының V құрылтайындағы бастамасы бойынша құрылған.

Қордың қызметі шет елдерде өмір сүріп жатқан отандастарды, сондай-ақ Қазақстанға қайтып келген этникалық қазақтарды қолдауға арналған.

Қамқоршылар кеңесі отырысында "Отандастар" қорының міндеттері, қызметі мен даму жоспарлары, сондай-ақ қордың қазіргі жұмыстарына қатысты басқа да мәселелер қаралды.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар