Астанада қысқы ойын-сауықтың интерактивті алаңы ашылды

30 қараша, 2018, 11:58 2525 Астана
Астанада қысқы ойын-сауықтың интерактивті алаңы ашылды

#AstanaWinterland – қала тұрғындары мен қонақтарына арналған қысқы ойын-сауықтың жаңа форматының хештегі.

Еліміздің бас қаласында отбасылық демалысқа арналған кең ауқымды қызмет көрсететін интерактивті ойын-сауық алаңы іске қосылды, деп хабарлайды BNews.kz Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.  

Осы жылы қала тұрғындары мен қонақтары бүгінгі мегаполистен Ұлы жібек жолы кезеңдерінің ғажайып атмосферасына бөленіп, "1001 түн" ертегілеріне, Лапландиядағы көңілді демалыстың күйіне саяхат жасай алады.

Астана әлемдік астаналармен бірге "қысқы ертегіге" көмкеріледі.

#AstanaWinterland – қала тұрғындары мен қонақтарына арналған қысқы ойын-сауықтың жаңа форматының хештегі. Форматқа мыналар жатады: 12 тақырыптық алаң; 32 мұз айдыны; 36 мұз төбешік – 400-ден астам іс-шара.

Қаланың әр тұрғыны мен қонағы төменде көрсетілген мұз айдындарының бірінде суретке түсіп, оны әлеуметтік желілерге #AstanaWinterland хештегімен іліп "қысқы ертегінің" бір бөлшегіне айнала алады.

Шаралар негізінен орталық алаңда, Ботаникалық бақта, EXPO-2017 аумағында, "Хан Шатыр" ОСО маңында, Президет саябағында, "Қазақ елі" монументі маңындағы алаңда,"Ататүрік" саябағында, Есіл өзенінің жағалауында, "Жерұйық" саябағында, Ақбұлақ өзенінің жағалауында және "Алатау" СК аумағында өтеді.  

Қаланың шетінде орналасқан "Жағалау" ТК, "Көктал-1" ТА, "Ильинка" ТА,"Өндіріс" ТА, "Рахмет" СҮ маңы, "Кирпичный" ТА мен Қосшығұлұлы көшесіндегі үйлердің тұрғындары да "қысқы ертегіге" бөленеді.

Сондай-ақ, елорда тұрғындары мен қонақтары Facebook парақшасындағы "Астана 24/7" тобында (https://www.facebook.com/groups/astana24na7/) "AstanaWinterland"-тің ең үздік логотипіне дауыс бере алады. Дауысты ең көп жинаған жүргізіліп жатқан логотип, 2018/2019 жылғы қысқы маусымда Астанада өтетін барлық іс-шаралардың белгісі болмақ. Дауыс беруге барлық адам қатыса алады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар