Астанадан Лондонға әуе кемесі күнде ұшатын болады - Жаңалықтар | BNews

Астанадан Лондонға әуе кемесі күнде ұшатын болады

26 ақпан, 15:05 844 Астана
Астанадан Лондонға әуе кемесі күнде ұшатын болады

"Эйр Астана" әуекомпаниясы Астана-Лондон бағыты бойынша байланыс жиілігін арттырады, деп хабарлайды BNews.kz әуекомпанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әуекомпаниясы күнделікті рейстерді 2018-ші жылдың 1 маусымынан бастап орындайтын болады. 

Лондоннан "Эйр Астанамен" ұшатын жолаушылар Алматы, Үрімші, Дели, Новосібір, Омбы, Түмен және Екатеринбург қалаларымен тоғысуларды пайдалана алады.

Лонданға ұшатын рейстер 16 орындық бизнес-класс, 108 орындық эконом-класс, 12 орындық дем алатын эконом-класс сияқты 3 класты қызмет көрсетілетін Boeing 757 әуе кемесімен ұшады.

Билет құны 211,7 мың теңгеден басталады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары