Астанадан өткен тәулікте 30 мыңнан астам текше метр қар шығарылды

3 Декабря, 2018, 15:17 1997
Астанадан өткен тәулікте 30 мыңнан астам текше метр қар шығарылды |  | BNews.kz

16 қазаннан бері қаладан 535459 текше метр қар шығарылды.   

Қаланы қардан тазалауға 324 жұмыскер шықты, деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты. "Астана Тазалық" ЖШС-нің мәліметінше, қар тазалау жұмыстарына мамандандырылған техниканың 586 бірлігі жұмылдырылған.  Қала сыртына шығарылған қардың жалпы көлемі 32059 текше метрді құрайды.

"Астана Тазалық" қала сыртына қардың 13465, өзге мекемелер 16994, "Астана көгалдандыру құрылысы" 1600 текше метрін шығарды. 16 қазан мен 1 желтоқсан аралығында шығарылған қардың көлемі –  535459 текше метр.

1 желтоқсанда құм-тұз аралас қоспаның 507,5текше метрі себілді.13 қазан мен 30 қараша аралығында жолдарға шашылған құм-тұз аралас қоспаның жалпы көлемі 9669,5 текше метрді құрайды. Астана әкімдігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына қатысты барлық сұрақтарды 109 нөмірі бойынша Астананың iKomek мониторинг және жедел әрекет ету орталығының call-орталығына тәулік бойы жолдауға болатындығын еске салады. 

olshem.kz

Рекомендуем
Димаш Құдайберген "The World's Best" шоуында америкалық тыңдармандарды таңдандырды 13990

Похожие новости