Астанадан шығатын барлық бағыттағы жол жабылды - Жаңалықтар | BNews

Астанадан шығатын барлық бағыттағы жол жабылды

23 наурыз, 21:11 3016 Астана
Астанадан шығатын барлық бағыттағы жол жабылды

Жолдардың жабылуына қолайсыз ауа райы себеп болды.

Елордадан барлық бағытқа шығатын жолдар қолайсыз ауа райына байланысты көліктің кез келген түрі үшін жабылды. Бұл жайында ҚР ІІМ ТЖК-ның ресми сайтында жария етілді, деп хабарлайды BNews.kz.

"Қазақавтожол" РМК таратқан мәліметке сәйкес, 23 наурыз күні сағат 20:00-ден бастап ауа райының нашарлауына (көктайғақ) байланысты көлік құралдарының кез келген түрі үшін барлық бағыттағы қозғалысқа шектеу енгізілді", - делінген хабарламада.

Бұдан басқа республикалық маңызы бар басқа да автожолдар да жабылды:

"Астана-Петропавл" а/ж (18-231 км);

"Жезқазған-Петропавл" а/ж (377-595 км, Қостанай обл. шекарасы мен СҚО шекарасы);

"Қостанай-Әулиекөл-Сұрған" а/ж (232-260 км, Қостанай обл. шекарасы мен Сұрған елді мекені);

"Жақсы-Есіл-Бұзылық" а/ж (0-82 км, Жақсы елді мекені мен Бұзылық елді мекені);

"Екатеринбург-Алматы" а/ж (856-1247 км, СҚО шекарасы мен Астана қаласы);

"Екатеринбург - Алматы" а/ж (1275-1353 км, Астана қаласы мен Қарағанды облысының шекарасы);

"Астана-Қорғалжын" а/ж (19-180 км, Астана қаласы мен Қорғалжын қорығы);

"Астана-Қабанбай батыр-облыс шекарасы" а/ж (16-51 км);

"Макинск-Ақсу-Торғай" а/ж (0-240 км, Макинск қаласы мен Торғай қаласы);

"Астана-Ерейментау-Шідерті" а/ж (16-205 км);

"Көкшетау-Атбасар" а/ж (48-184 км, Зеренді ауылы мен Атбасар қалсы).

Ұқсас жаңалықтар