Астанада "Шапағат" коммуналдық базары саудаға қойылды 

27 қараша, 2018, 11:56 1634 Астана
Астанада 

Электрондық тендер 11 желтоқсанда өтеді, базардың бастапқы бағасы – 1 329 971 984 теңге.

Астанадағы "Шапағат" коммуналдық базары саудаға қойылды, электронды тендер 11 желтоқсанда өтеді, деп хабарлайды BNews.kz Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

"Astana" Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы" Акционерлік қоғамы "Шапағат" коммуналдық базары" ЖШС-нің жарғылық капиталындағы Қоғамның 100% үлесін сату бойынша электронды тендерді өткізу туралы хабарлайды. Шара 2018 жылдың 11 желтоқсанында Астана уақыты бойынша сағат 10:00-де Мемлекеттік мүлік тізілімінің www.gosreestr.kz веб-порталында өтеді.

Электрондық тендерге саудалық қызметті жүзеге асыратын "Шапағат" коммуналдық базары" ЖШС-нің жарғылық капиталындағы қоғамның 100% үлесі саудаға қойылмақ. Базар Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Бөгенбай батыр даңғылы, 69 мекен жайы бойынша орналасқан. Телефоны: 8 (7172) 21-51-50.

Базардың бастапқы бағасы – 1 329 971 984 теңге, кепілді жарна 72 150 000 теңгені құрайды.

"Шапағат" коммуналдық базары" ЖШС Жарғы капиталындағы 100% үлесін сату ҚР Үкіметінің 2015 жылдың 30 желтоқсанындағы "Жекешелендірудің 2016-2020 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы" №1141 Қаулысына өзгерістер енгізу туралы" ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 11 сәуірдегі қаулысына сәйкес, Қоғамның Директорлар кеңесінің 2017 жылғы 7 қарашадағы шешіміне сәйкес (№20 Хаттама), "Ақпараттық-есептеу орталығы" АҚ Мемлекеттік мүлік тізілімі веб-порталында мүлікті сату бойынша электрондық сауда-саттықтарды өткізу реттемесіне сай жүргізіледі", - деп мәлімдеді "Аstana" ӘКК" АҚ баспасөз қызметінде.

Сауданы жүргізу туралы толық ақпаратты www.gosreestr.kz сайтында немесе 8 (7172) 23-59-64 ("Astana" ӘКК" АҚ) телефоны бойынша білуге болады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар