Астана-Душанбе жаңа әуе бағыты 2018 жылдың желтоқсанында ашылады

Написать нам
12 қараша, 2018, 18:41 1800
Астана-Душанбе жаңа әуе бағыты 2018 жылдың желтоқсанында ашылады

SCAT әуе компаниясының аталған бағыттағы рейстері аптасына екі рет, жұма және жексенбі күндері ұшырылады.

2018 жылдың 14 желтоқсанынан бастап, қазақстандық SCAT әуе компаниясы Астанадан Тәжікстан астанасы Душанбеге жаңа рейс ашуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды BNews.kz ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

"Бұл – екі елдің авиациялық билік органдарының және SCAT әуе компаниясының сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияларының және екіжақты келіссөздер аясында жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде мүмкін болды. Жаңа рейстің ашылуы Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы тату көршілік қатынастарды дамытуға елеулі үлес қосатын болады", - делінген хабарламада.

Астана - Душанбе - Астана бағыты бойынша рейстер аптасына екі рет, жұма және жексенбі күндері CRJ-200 типті ұшақпен орындалады.

Осы бағыттағы әуе билеттерінің сатылымы басталды. Билеттерді SCAT әуе компаниясының веб-сайтынан немесе әуе билеттерін сату агенттіктерінен сатып алуға болады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар